Арал теңізінің деңгейі жарты метрге жуық көтерілді

Арал теңізінің деңгейі жарты метрге жуық көтерілді, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты әкімдікке сілтеме жасап.

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғанов хабарлағандай, осы уақытқа дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд текше метрден, 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген болатын. 2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі таңға теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ, немесе 48см дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда теңіздегі су деңгейі 48 см-ге дейін көтерілді.

Былтыр жыл көлемінде Аралға 816 млн. м3 су түссе, биыл 2 айдың өзінде 803 млн м3 түсті.