Бөлшектеп әкелініп, елде құрастырылған көліктер заңдастырылуы мүмкін

Қазақстанға бөлшектеп әкелініп, құрастырылған көліктерді заңдастыруға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті «Ашық» НҚА порталында жариялаған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты.

Құжатта көрсетілгендей, көліктің кедендік тазартудан өткені туралы мәліметі жоқ және іздеуде болмаса, оның бастапқы мемлекеттік тіркелгені үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесінімен мемлекеттік тіркеуге жол берледі.

Ол үшін азаматтардан мына құжаттар сұралады:

— өтініш берушінің көлік құралын сатып алу мән-жайлары көрсетілетін өтініші;

— ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын қарап тексеру актісі;

— техникалық байқаудың диагностикалық картасы негізінде қолдануға жол беріледі.

Қаулы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде мұндай өзгеріс Қазақстан аумағына бөлшектеп әкелініп, елде құрастырылған көліктерді заңдастыруға арналағаны айтылған.

«Бұл қосалқы бөлшектердің түрлері бойынша әкелінген және Қазақстан азаматтарына өткізілген автомобильдерді заңдастыру үшін қарастырылып отыр. Көлік құралдары ҚР аумағында ғана пайдалануға жатады. Мұндай көлік құралдарына қатысты меншік құқығын өзгертуге жол берілмейді. Мұндай көлік құралын тіркеу туралы куәлікте меншік құқығын өзгертуге тыйым салу, тек ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етіледі», — делінген қаулыда.

Құжат 24 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.


ТегтерКөлік