Ақтөбеде 19 жастағы қазақстандық теннисші ширек финалға шықты
Қазақстандық Арысланбек Айтқұлов Ақтөбеде өтіп жатқан ITF World Tennis Tour турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, 19 жастағы қазақстандық спортшының АТР рейтингісінде орны болмаса да, күтпеген жерден осы жарыстың сегізінші, әлемнің 845-ракеткасы, жапониялық Казума Кавачиді ұтып кетті.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі азулы қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Арысланбек 10 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.
А.Айтқұлов жартылай финалға шығу үшін Беларусь өкілі Александр Биндамен таласады.