Президент Әлихан Смайыловты отставкаға жіберді

Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинеті отставкаға кетті, деп хабарлайды alashorda.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Жарлық мәтінінде былай делінген:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.