Италия премьер-министрінің Қазақстанға жоспарланған сапары кейінге шегерілді

Оған себеп Италия Үкіметінің басшысы Джорджа Мелони Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

— Италия тарапының өтініші бойынша Премьер-министр Джорджа Мелонидің 26-27 сәуір күндері Қазақстанға жоспарланған ресми сапары мен «Орталық Азия — Италия» алғашқы саммитіне қатысуы кейінге шегерілді. Себебі Италия Үкіметінің басшысы Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне қатысады. Сапардың уақыты қосымша хабарланады, — деді Желдібай.

Осыған дейін Италия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келетіні айтылған еді.