Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448– 453 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,7 — 451,9 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 448 — 453 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 12 наурыздағы ресми бағамы — 1 долларға 448,91 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,96 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,85 — 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,83 — 4,98 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 11 наурыз күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,88 теңгеге қымбаттап, 448, 97 теңге болған.