Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкіні жүрді

Кіші Алматы өзенінің бассейнін тексеру барысында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары қар көшкінінің өздігінен жүруін анықтады.

Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, көшкін қаупі бар аймаққа демалушылар мен туристердің баруын шектеу үшін полиция департаменті тарапынан блокбекеттер қойылды. Сондай-ақ Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі көшкін қаупі бар учаскелерге автокөліктердің өтуіне де шектеу қойылды.

«Жалпы көлемі 450 м3 болатын үш қар көшкіні анықталды. Қар көшкіндері жолдар мен нысандардан алыс, жетуге қиын жерлерде жүрді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ», — деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД мен «Қазселденқорғау» мекемесі Қазгидрометтің жауын-шашын туралы болжамына байланысты туристер мен қала қонақтарына алдағы күндері тауға шығудан бас тартуға кеңес берді.