Ақтөбеде су ортасында қалып, тікұшақ сұраған ауылдың халқын көшіріп жатыр

Ойыл ауданы Қаратал ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Әзірге 27 адам аудан орталығына жеткізілді.

Ойылдың Қаратал (Ш.Берсиев) ауылының тұрғындары аудан орталығындағы эвакуациялық пунктілерге орналастырылып жатыр.

көшіру
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ойыл ауылындағы спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған.

эвакуация
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Бұл орындарға осы ауыл тұрғындары көшіріледі. Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру жағы қарастырылған.

«Сондай-ақ, дәрігерлік көмек қажет болса аудандық аурухананың барлық қызметкерлері әзір. Медициналық құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектер бар. Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының реаниматолог, хирург, педиатрларымен бірге, № 2 Ақтөбе қалалық емхананың бас психологы да эвакуациялық пунктке барды, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

тасқын
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Айта кетейік, кеше кешкілік тұрғындар жарығы, жылуы, суы жоқ мектеп қалғанын хабарлап, көмек сұрады.

көшіру
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Кейін үш тікұшақ жіберу жөнінде шешім қабылданды.

тасқын