Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі қызметінен босатылды
Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков қызметінен кетті деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кезекті кеңейтілген мәжілісте белгілі болды.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Мойынқұм ауданының әкімі өзіне жүктелген міндеттерді нәтижелі орындай алмаған.
Мәжілісте сондай-ақ, талап үдесінен шықпаған өзге де аудан әкімдеріне қатаң ескерту жасалды.