Мәзір
Жаңалықтар

Жайық өзенінің суы Индер ауданында қауіпті деңгейден асып кетті

Жайық өзенінің суы Индер ауданында қауіпті деңгейден асып кетті

Жайық өзенінің суы Индер ауданында қауіпті деңгейден асып кетті. Қазір мұнда өзен арнасы 8 метр 56 сантиметр құрады деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филилалының гидрологиялық мониторинг дерегіне қарағанда, Индер ауданында Жайық өзенінің қауіпті деңгейі – 845 сантиметр.

Бүгін, 5 мамырда таңертеңгі сағат 08:00-де Индерор кентінің тұсында су деңгейі қауіпті шектен 7 сантиметрге асқан. Таңертең өзен суы 852 см болса, күндізгі сағат 12:00-ге дейін тағы 4 см-ге ұлғайған. Сөйтіп, 856 сантиметрге жетті.

Ал, Махамбет ауданында су деңгейі қауіпті шекке жетпегенімен, жақындап қалды. Бұл аудандағы қауіпті шек – 8 метр 50 см. Бүгін таңертеңгі сағат 08:00-де мұнда өзен арнасындағы су деңгейі 846 сантиметрді құрады. Түскі сағат 12:00-де тағы 2 см-ге көбейіп, 848 см-ге жетті.

Атырау қаласы мен оның маңындаңы елді мекендердің тұсында да Жайық суы көтеріліп келеді. Мәселен, мұнайлы шаһарда бүгін таңертеңгі сағат 12:00-де 490 см-ді құрап тұр. Судың қауіпті деңгейі – 5 метр 50 см.

Дәл осы уақытта Жайық өзеніндегі су шаһар маңындағы Жаңаталап ауылында 350, ал, Еркінқала елді мекені тұсында 310 см-ді көрсетіп тұр.