Министр өзін қорқытып жатқанын айтты

Үкімет отырысынан кейін журналистер Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың отставкасына қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.

Әріптестердің бірі «Сіздің утильалымға байланысты ұстанымыңызды қоғамда бірде-бір адам қолдамайды. Мұны әр түрлі әлеуметтік желіде жазылған пікірлер арқылы білуге болады. Тіпті утильалымға қарсы азаматтар сіздің отставкаға кеткеніңізді қалайды. Осы мәселені шеше алмасаңыз отставкаға кетуге дайынсыз ба?» деп министрден сұрады.

– Осы мәселені шешу үшін Заң бойынша жұмыс істеуіміз қажет. Сіз айтқандай менің отставкаға кетуімді талап еткен пікірлер бар. Мен ТикТоктағы бірнеше видеоларды көріп, ондағы пікірлерді оқыдым. Онда мені қорқытып жатқан адамдар да бар. Менің ойымша, әр жұмысты тек з аң арқылы жүргізілуі қажет. Қазіргі таңда утиль алымды алып тастауға байланысты петиция бойынша елу мың дауыс жиналды және осы петицияны да  Заң жүзінде қарастырамыз. Қандай мәселе болмасын осылай талқылауымыз керек. Бізде депутаттар, Парламент, петиция механизмі бар. Сондықтан әр нәрсені заң жүзінде шешу керек, – деді министр.

Шынар Ақжанқызы