Төтеншеліктердің 90 пайызы пәтерге мұқтаж – Министр

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов төтеншеліктердің 90 пайызы пәтерге мұқтаж екенін айтты, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.

Үкімет отырсынан кейін журналистер «Сіз министр болып келгенде «ең басты мәселе құтқарушылардың пәтер мәселесі» деген едіңіз. Қанша құтқарушы пәтерге зәру және оған бюджеттен қанша қаржы бөліну керегі туралы есеп бар ма?» деп сұрады.

«Қазіргі таңда министрлік тарапынан барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Бүкіл қажетті келісімдер бар. Бірақ заң тұрғыдан әлі бұл сұрақты шешкен жоқпыз. Біздің ойымызша, қыркүйектен бастап Парламентке Заңға арнайы өзгерістер енгіземіз. Ең басты мәселе – тұрғын үй төлемдерін алу. Біздің жоспар бойынша келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап осы мәселені шешеміз деп ойлаймын. Жалпы төтеншеліктердің 90 пайызы пәтерге мұқтаж деп санаймыз. Біздің қызметкерлердің көбісі тұрғын үйге мұқтаж, сондықтан ең басты мәселе осы болып тұр», – деді министр.

Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ