Жыл басынан бері 20 бала суға кетті – Министр

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жыл басынан бері 20 бала суға кетіп, қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.

Журналистер «Бірінші маусымнан бастап суға шомылу маусымы басталды. Сіздер «Дайындық жұмыстарын өткіздік» деп есеп бересіздер. Бірақ өкінішке қарай премьер-министрдің өзі бір айдың ішінде жиырма кәмелетке толмаған балалар суға кетіп қайтыс болғанын айтты. Осы балалардың өлімі кімнің жауапкершілігінде, неге суға шомылу маусымына дайындық тек қағаз жүзінде жүргізіледі?» деп министрден сұрады.

«Біріншіден, 20 бала бірінші қаңтардан бері қайтыс болған балалардың жалпы саны. Негізі бірінші маусымнан бері 17 бала суға кетті. Бірақ бұл да аз емес. Барлық жағдайлар шомылуға арналмаған қауіпті жерлерде болған. Ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы, екіншіден, ішімдік және басқа да факторлар әсер етеді», – деді министр.

Журнлистің «Қоршау неге жоқ?» деген сұрағына «Ол өте үлкен көлем» деп жауап берді.

«Сіздер білесіздер, оның барлығына қоршау қою мүмкін емес. Ең алдымен, ата-аналар тиісті шараларды жасауы қажет. Сонымен қатар, мен хабарлағандай 97 мобильді бекет құрдық. Бізде материалдық-техникалық жағдайды құру, жабдықтау  бойынша мәселе бар. Оны жүйелі түрде шешеміз. Оған ақша бөлінгенде біз өздерінің күнделікті кезекшіліктері, мен жаңа проценттері көбейген кезде құтқарушылар ақысын алады. Сонымен қатар, қайық және басқа да құрал-жабдықтарының барлығын жетілдіруіміз қажет», – деді ол.

Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ