Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасаған күдіктілердің бірі ұсталды
Қазақстандық журналист Айдос Садықовқа қастандық жасау ісі бойынша күдіктілердің бірі ұсталды. Бұл туралы бүгін, 22 маусымда Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты «Адырна» тілшісі.
Баспасөз қызметі Украинаның құқық қорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсете отырып, қысқа мерзімде қылмысты жасаған тұлғаларды анықтағанын айтты.
«21 маусымда А.М. Жақанбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласты. Ер адамнан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды. М.Қаратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде»,—делінген хабарламада.
Бұған дейін Украинада Айдос Садықовқа қастандық жасаған екі күдіктіге халықаралық іздеу жарияланғанын жазған едік.