Музей-қорықтарға баратын туристер саны артып келеді

Республикалық және облыстық музей-қорықтарға баратын туристер саны артып келеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінен мәлім етті.

«Қарауларында тарих және мәдениет ескерткіштері бар республикалық және облыстық музей-қорықтар соңғы жылдары келушілер санының артып отырғанын атайды. Мәселен, Берел қорғандары, Тамғалы шатқалындағы археологиялық ландшафттың петроглифтері, Абай музейінің объектілері, Отырар қалашығы, Ақыртас сарайы кешені туристердің үлкен қызығушылығын арттырып келеді. Сол себепті келушілерге оңтайлы жағдай жасау мақсатында 2019 жылдан бері тарих және мәдениет ескерткіштерінің анағұрлым шоғырланған жерлерінде визит-орталықтар салынып, бүгінгі күнге олардың 4-і (Таңбалы, Ұлытау, Отырар, Сарайшық) іске қосылған, 5-еуі Гаухар-ана, Ордабасы, Есік, Сауран, Бозоқ) құрылыс деңгейінде», — деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.