Түркияда сириялық босқындарға қарсы наразылық болды (ВИДЕО)

Жеті жасар қыз зорланғаннан кейін Түркияда этникалық қақтығыс басталды деп хабарлайды Alashorda.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Демалыс күндері Кайсери провинциясында базардағы қоғамдық дәретханада сириялық босқын жеті жасар туысын зорлаған.

Зорлық-зомбылық туралы хабар желіде лезде тарап, жаппай қақтығысқа ұласты.

Орталық Анадолыда адамдар сириялықтардың көліктері мен сауда павильондарын өртеп жіберді. Атребте жергілікті тұрғындар түрік әскеріне наразылық білдііп, түрік туы өртенді.

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая ондаған тұтқынның ұсталғанын хабарлады. Айтуынша, жергілікті полиция тергеуді бастаған.

Ердоған оппозицияны араздықты қоздырды деп айыптап, сириялықтардың отанына аман-есен оралуына жағдай жасайтынын айтты.