Астанада тағы бір көше уақытша жабылады

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Жұлдыз айналымында жол төсеміне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлады.
Осыған байланысты осы жылдың 18-22 шілдесі аралығында жоғарыда аталған учаске жабылады.

«Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.