Көлік министрлерінің екінші кездесуінде Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI-консультативтік кездесуі қарсаңында,  Астана қаласында Орталық Азия елдерінің көлік министрлерінің екінші басқасуы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Көлік министрлері қатысты. 

Кездесу барысында Министрлер транзиттік дәліздер, теміржол және автомобиль тасымалдары, сондай-ақ әуе көлігі салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Автомобиль және темір жолдарды салуға, халықаралық әуе қатынасы желісін кеңейтуге бағытталған өзара байланысты дамыту бойынша елдер жүргізіп жатқан саясат ерекше атап өтілді. Іс-шара қорытындысы бойынша тараптардың ынтымақтастықты одан әрі нығайту ниетін бекітетін Астана коммюникесіне қол қойылды.

встреча министров транспорта стран ЦА
Фото: ҚР Көлік министрлігі

«Министрлер инвестициялар тарту, инфрақұрылымды дамыту және көлік-логистикалық орталықтардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру үшін қолайлы орта құру шеңберінде елдердің өзара іс-қимылына бағытталған Меморандумға қол қойды», — делінген хабарламада.

Бұл Меморандум — 2023 жылы Душанбе қаласында қол қойылған Орталық Азиядағы жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы көпжақты келісімнің қисынды жалғасы.

встреча министров транспорта стран ЦА
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Делегация Астана қаласындағы Электровоз құрастыру зауытына барды. Кәсіпорын отандық локомотив құрылысының өндірістік мүмкіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ қонақтар көлік министрлігі ұйымдастырған Жолшылар күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысты.