ALASHORDA Мәзір
Жаңалықтар

Президент Малайзия Королін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Малайзия Королін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.