«Көптерек ауылында 6 955 бас мал сатып алынды»

Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауқымды шаруа атқарылып жатыр. Мәселен аталған ауданға қарасты Көптерек ауылында 2023 жылы 147 азамат жеңілдетілген несие алуға өтініш берген.

Көптерек ауылы әкімі аппаратының бас маманы Олжас Әбілдаев «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша 1  млрд 287 млн 796 мың теңге игерілгенін айтады.

«Көптерек ауылында 379 үй яғни, жалпы саны 2405 адам тұрады.  «Ауыл аманаты» жобасының 1 бағыты «Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану» бойынша жер көлемі 87 гектар болатын округтегі 347 аула қамтылады. Бұл дегеніңіз ауылдағы үйлердің 92% жерді тиімді пайдаланып отыр дегенді білдіреді. Аталған бағыт бойынша әр үй 196 мың теңге қаражат алды.

Сондай-ақ «Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану» бойынша «Тараз» ӘКК арқылы 210 азаматтың құжаттары мақұлданды. Бүгінгі күнге, 210 азамат, 415 бас мүйізді ірі қара, 5 818 бас қой, 722 бас жылқы, барлығы 6 955 бас мал сатып алынды.

Жоба аясында несие алып, мал шаруашылығымен айналысып отырған Мейірбек Мақұлбеков 3 700 000 теңге несиеге 12 бұқа сатып алып, бордақылау шаруашылыған дамытып отыр. Аталған азамат жеке кәсібін ашқанға дейін өз бетінше жұмыс істеп жүрген көп балалы әке болатын», – дейді ол.

Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ