Украина сарбазы Угледарды қалай тастап шыққанын айтты

Би-Би-Си корреспонденті Абдужалил Абдурасулов УҚК 72-бригадасының екі сарбазымен сұхбаттасты. Бригада сарбаздары Угледар өңірінен шығып, жаңа аймаққа орныққанын айтады, деп хабарлайды Алашорда сайты Бибиси-ге сілтеме жасап.
72-бригада бөлімінің екі пулеметшісі Угледарды соңғы соққыға дейін-ақ тастап шыққандарын жасырмайды.
Атын жасырын ұстауды ұйғарған пулеметшінің бірі Угледардан Украина әскері бірнеше күн бойы жаяу қашып шығуға мәжбүр болғанын айтып отыр.
Екінші жауынгер Роман болса, көптеген майдандас жолдастары Ресей дрондары мен арителерриясынан ауыр жарақат алып, біразы із-түссіз жоғалып кеткенін айтады.
Қыркүйектің соңғы күндері орыс әскері шабуылды батыстан бастаған. Украин әскерінің тылы болған Богоявленке ауылына апаратын жалғыз жол Угледар арқылы өтетін. Сол жолды жағалай қоршап, дрон мен артилерия шабуылын жаудырғандықтан, украин әскері шарасыз қалған.
«Эвакуациялық экипаж 200, 300 жаралы, шейіт әскерді тасу үшін жіберілді. Олар да құтқара алмады, бірнеше көлік жоғалтты, да құтқаруды тоқтатты» – дейді Роман. Ресей әскері қалаға кірген соң украин әскері бұйрықты күтпестен шегінді.
«Шегініс жоспарланбаса хаос басталады. Бұл соғыстың табиғи заңы» – деп тұжырымдап отыр пулеметші сарбаз. Радиобайланыс бойынша байланыс үзілген соң сарбаздар шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр болды. Көбі ориентир жоғалтып шегінуді ұйғарды. Бекітілген позициялар бомба, снарядтарымен талқандалып жатқан соң, шегінуден басқа жол жоқ еді.
«Жалғыз қалсаң қалай соғысасың? Төбеңнен ұшқан снарядтардан соң я өлесің, я шегінесің» – деп түсіндірді Роман.
Қоршалған қаладан шығу да қауіпті. Күндіз мұндай шешім өлімге апарады. Көбіне украин сарбаздары түнде қаладан шығып жатты. Богоявленканың қоршалған жолы емес, миналы алқаптың белгілен жолдарымен шығуға тырысты.
«Мұндаға дейін эвакуациялық көліктер түн жамылып кіре алса, орыс әскері қалаға кірген соң, тек жаяу ғана жан сауғалағандар көп», – дейді Роман.
«Жоғарғы қолбасшыдан қорықты ма, әлде жоғары қолбасшының өзі соңына дейін бұйрық бермей жас сарбаздардың қанын төгуге көз жұмды ма, білмедік», – деп сарбаз ішкі толқынысын жасырмады.