Израиль соққысынан 46 адам қайтыс болды

Сәрсенбі күні Ливанның денсаулық сақтау министрлігі Бейрутқа жасалған Израильдің авиасоққысынан 6 адам қайтыс болып, 11 адам жарақат алғанын жариялады, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты BBC сілтеме жасап.
Израиль қорғаныс армиясы Бейруттағы «Хезболла» тобына шабуыл жасағанын жариялаған болатын. Ливан ақпарат көздері
шабуыл салдарынан «Хезболлаға» тиесілі медициналық орталық зақымдалған.
Ливан астанасындағы Би-Би-Си арнасының меншікті тілшілері қала орталығында үлкен жарылыс орын алғанын хабарлады. Алғашында Бейрут оңтүстігінде 3 жарылыс болса, артынан тағы 2 жарылыс жасалды.
Меншікті тілшілеріміздің ақпаратына сәйкес жарылыстан зардап шеккендер қазір Эль-Башур ауданында Ливан парламенті мен БҰҰ-ның жергілікті штаб-квартирасы маңында шоғырланып жатыр.
Бейрут орталығына алғашқы шабуыл дүйсенбі түнде басталған. Оған дейін «Хезболла» орналасқан қаланың оңтүстк аймағына шабуылдаған.
ЦАХАЛ шабуылды күшейткендіктен Израиль қарулы күштері бүгін түнде бейбіт тұрғындар үшін ескерту жасап, қаланың оңтүстік бөлігін босатуын талап еткен.
«Сіздер «Хезболла»-ға тиесілі аймаққа жақын тұрсыздар. Жақын уақытта шабуыл күшейетін болады», – деп ескерту жасады Израиль армиясының өкілі Авихай Адраи
Ливан денсаулық сақтау хабарлауынша ұйымы соңғы уақытта Израиль соққылары салдарынан 46 адам қайтыс болып, 85 адам ауыр жарақаттанған.
«Хезболла» өкілі сәрсенбі күні Израиль армиясына тойтарыс беруге толық дайын екендіктерін және әскерге қажетті қару-жарақтың барлығымен қамтылғанын жариялады.
Сәрсенбі таңертең Израиль қорғанысы Ливан оңтүстігіндегі 25 ауылға эвакуациялану ескертуін жасады.