Жауапкершілікті терең сезініп, халыққа адал қызмет ету керек

Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының айрықша сенім мандаты иесі екенін еске салды.

«Тұрғындар сіздерді жақсы біледі. Ой-пікірін өздеріңізге тікелей жеткізеді. Мәселесін шешуге көмектеседі деп үміт артады. Осы жауапкершілікті терең сезініп, халыққа адал қызмет ету керек. Әлемдегі ахуалды көріп отырсыздар. Ең бастысы, еліміз тыныш, жұртымыз аман. Әрине, түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін. Бірақ татулық пен келісім болса, біз оның бәрін міндетті түрде еңсереміз», — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол ашық аспан астындағы бейбіт өмір — ең басты байлық екенін айтты.

«Мен қастерлі Отанымыздың болашағы жарқын екеніне кәміл сенемін. Түптеп келгенде, бәріміздің мақсатымыз, мүддеміз — бір. Бұл — Әділетті Қазақстанды құрып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы міндетті абыроймен атқарасыздар деп ойлаймын. Депутаттар форумы келешекте дәстүрге айналып, тұрақты түрде өткізілуі керек», — дегенді қосты Мемлекет басшысы.