«АЭС салу – еліміздің болашағына жасалған инвестиция»

ҚХА «Ассамблея жастары» БҚОӨ төраға орынбасары Саясат Жарасовтың айтуынша, атом энергетикасы ғылымның озық бағыттарының бірі болып саналады.

«АЭС салу елімізге әлемдік деңгейде жаңа технологиялар мен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Жастардың бұл салада өз үлесін қосуы өте маңызды. АЭС – бұл жаңа деңгейдегі ғылым мен техниканың тоғысуы, және біз, жастар, осы процестің ортасында болуымыз керек.

АЭС салу – еліміздің болашағына жасалған инвестиция. Жаңа жұмыс орындары, жоғары жалақы және халықаралық деңгейдегі тәжірибе – бұл жастардың болашағы үшін өте маңызды. Біздің елде осындай ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы біз жастардың болашағына үлкен мүмкіндік ашамыз», – дейді ол.