Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Азия чемпионатында үздік сегіздікке кіру үшін күреседі

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды. Қазақстанның ерлер командасы ең мықты сегіз команданың бірі атану үшін күреспек.

Қазақстандық команда кіші топта екі мәрте жеңіске жетті.

Біріншісінде қазақстандықтар ҚХДР командасымен сайысқа түсті. Оның құрамында Париждегі Жазғы Олимпиада ойындарында аралас сында «күміс» алған Ри Чон Сик бар. Кирилл Герасименко екі ұпай алып, шешуші матчта Алан Құрманғалиев жеңіске жетті.

Қазақстан — ҚХДР 3:2.  

Кирилл Герасименко — Хэм Ю Сон 3:2

Алан Құрманғалиев — РИ Чон Сик 2:3

Айдос Кенжеғұлов — Ким Сон Иль 1:3

Кирилл Герасименко — РИ Чон Сик 3:0

Алан Құрманғалиев — Хэм Ю Сон 3:2.

Сонымен бірге Қазақстан Пәкістанды 3:0 есебімен таза жеңді.

Финалдық сегіздікке кіру үшін Қазақстан бүгін, 8 қазанда Таиланд-Сауд Арабиясы жұбының жеңімпазымен сайысқа түседі.

Әйелдер.

Қазақстан — ҚХДР 0:3

Қазақстан — Моңғолия 3:1.

8 қазанда 11 және 14 орындар үшін матчтар болады.

Қазақстан – Өзбекстан

Малайзия – Иран.