Футболдан Қазақстан құрамасы тағы ұтылды

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы турнирінде Австрия құрамасынан 0:4 есебімен жеңілдіғ, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.
В лигасының 3-тобында ойнап жатқан Қазақстан осыған дейін Алматыда Норвегиямен тең түсіп (0:0), сырт алаңда Словениядан жеңілген (0:3). Қазақстан енді 13 қазанда Алматыда Словениямен ойнайды. Қазір құрама 3-топта бір ұпаймен соңғы орында тұр.