Министрдің бірінші орынбасары Талғар қаласына барды (ВИДЕО)

Бүгін 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Айтбаевтың ата-анасының үйін белгісіз адамдар өртеп кеткен болатын. Осыған байланысты Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Талғар қаласына барып, мән-жаймен танысты.
— Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, — деді Бауыржан Әленов.