Доллардың бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483- 489 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 14 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 487,37 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,09 теңге.
Еуро — 532,94.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 484,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 487,7 теңге. Еуро 530,5 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 483 теңге, сатып алу құны — 489 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 534 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 — 5,10 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 11 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,88 теңгеге төмендеп, 486,86 теңге болған.