Мәзір
Жаңалықтар

Ақордада Армения Президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Армения Президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

В Акорде состоялась торжественная церемония встречи Президента Армении Ваагна Хачатуряна
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

В Акорде состоялась торжественная церемония встречи Президента Армении Ваагна Хачатуряна
Фото: Ақорда
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады.
Армения президентін қарсы алу рәсімі
Фото: Ақорда
Армения президентін қарсы алу рәсімі
Фото: Ақорда
Армения президентін қарсы алу рәсімі
Фото: Ақорда