Республика күні қарсаңында ғалымдар, ұстаздар мен дәрігерлер марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында ғалымдар, ұстаздар мен дәрігерлер марапаттады, деп хабарлайды alashorda.kz.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ вице-президенті.

 

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызы – «№ 4 арнайы мектеп-интернат» КММ мұғалімі, Алматы қаласы;

Траисова Эльмара Асқарқызы – «Асан Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі, Орал қаласы.

 

3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Прокоп Георгий Георгиевич – «Шахтерское» ЖШС директоры, Қарағанды облысы.

 

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 22 қазан

№ 685