Полиция Айгүл Орынбекке байланысты мәлімдеме жасады
«Айгүл Орынбек ұсталды» деген ақпаратқа байланысты Шымкент полициясы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.
Қалалық полиция департаменті заңгердің ұсталғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды
«Шымкент полиция департаменті Айгүл Орынбекті ұстаған жоқ», — деп ақпарат таратты департамент.
Бұған дейін журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында Айгүл Орынбектің ұсталғанын жазған болатын.