Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның құрамдары белгілі болды

Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы 16-17 қараша күндері Астанада өтетін Билли Джин Кинг Кубогының плей-офф матчында Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.

Оңтүстік Корея командасының құрамына Да Ён Бак (WTA рейтингі 331), Со Хен Пак (WTA 257, жұптық сын), Ку Ён Ву (WTA 417) және Ким Дабин (WTA 331) кірді.

Біздің команданың капитаны Юрий Щукин матчқа Елена Рыбакинаны, Зарина Диясты, Юлия Путинцеваны, Анна Данилинаны және Жібек Құламбаеваны таңдады.