Қазақстанда картоп пен сәбіз қашан арзандайды
«Сәбіз мәселесіне келсек, көршілес Өзбекстанда да осындай проблема болды. Шын мәнінде, бізде қалыптасқан бағаның бір бөлігі біздің импорттауымыздан пайда болды, өйткені көрші Өзбекстан да, көрші Ресей Федерациясы да сұраныс тудырды. Қазіргі уақытта картоптың бағасы өзгергенін және арзандап жатқанын көріп отырмыз. Күзде де айтарлықтай бәрнеше есеге төмендейді деп күтеміз», — деді Сауда министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, сәбіз бойынша да осындай жағдай байқалады.
«Бірақ биыл сәбіз бойынша өнім жетіспеушілігі барлық жерде байқалады, оған егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды», — деп толықтырды Бақыт Сұлтанов.
Айта кетейік, ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінің қорытындысы бойынша онлайн баспасөз конференциясын өткізіп жатыр.