Ресейде оқыған азамат әкім болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Көшеров Нұралхан Оралбайұлы 1984 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі — жоғарғы. 2005 жыл — М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университеті; 2007 жыл- Қазақ Гуманитарлық заң университеті; 2019 жыл — Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы» жоғары білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі, Мәскеу қаласы. Мамандығы бойынша біліктілігі: Экономист; Қаржы және несие; Құқықтану салалары.
Мансап
ЕҢБЕК ЖОЛЫ |
||
Күні | қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері | |
қабылданған | босатылған | |
01.09.2001 | 30.08.2005 | Студент, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет, Шымкент қаласы |
01.09.2005 | 01.05.2006 | бухгалтер-инспектор, «Береке»ЖШС, Шымкент қаласы |
01.05.2006 | 30.09.2007 | экономист-инспектор, «Береке» ЖШС, Шымкент қаласы |
21.12.2007 | 31.10.2008 | Көмекші, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласы |
29.12.2008 | 07.04.2009 | сарапшының м.а., Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Салықтық заңнамаларды түсіндіру және жетілдіру басқармасы, Астана қаласы |
08.04.2009 | 06.05.2009 | сарапшы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Салықтық заңнамаларды түсіндіру және жетілдіру басқармасы, Астана қаласы |
07.05.2009 | 14.06.2010 | бас маман, Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімі, Астана қаласы |
15.06.2010 | 05.09.2010 | бас маман, Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімі, Астана қаласы |
06.09.2010 | 22.06.2014 | бастықтың орынбасары, Астана қаласы бойынша Салық департаменті Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы /негізгі қызметкердің оқу демалысы уақытына/, Астана қаласы |
23.06.2014 | 09.11.2014 | басшы орынбасары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық департаменті Астана қаласы |
10.11.2014 | 08.10.2015 | басшы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл аудыны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Астана қаласы |
09.10.2015 | 07.08.2018 | Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы |
08.08.2018 | 14.10.2018 | Басшы, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Ақтау қаласы |
15.10.2018 | 29.09.2021 | басшы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Шымкент қаласы |
29.09.2021 | 18.01.2023 | басшы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Атырау қаласы |
18.01.2023 | Б.к.д. | облыс әкімінің орынбасары, Түркістан облысы, Түркістан қаласы |