Димашты Беларусь әуежайынан 6 елден келген жанкүйерлері күтіп алды

Әртіс жанкүйерлермен болған көптен күткен кездесуден алған әсерімен бөлісті. 

Кездесу кезінде атмосфера өте жылы және жарқын болды: Димаштың да, оның шығармашылығының да жанкүйерлері коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты бір-бірін өте сағынғандарын көруге болады.

«Минск» ұлттық әуежайында Димашты Беларусь жанкүйерлері қарсы алды, олар оны 2015 жылдан бері қолдап келеді, сол кезде әртіс «Славян базарында» Гран-при жеңіп алған болатын, бұл оның шығармашылық мансабында үлкен рөл атқарды.

Белорусьтардан басқа, Димашты Қазақстан, Ресей, Болгария және Швеция, Швейцария Dears-і қарсы алды.

 

«Бұл таңқаларлық кездесу болды. Димаш Беларусь туралы жылы лебізін білдіріп, бұл – оның шығармашылық отаны екенін айтатын. Біз сүйікті әртісімізді осында қайта қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз», – деп бөлісті DimashDearsBelarus фан-клубының қатысушылары.

Әншінің өзі де Dears-пен болған көптен күткен кездесудегі қуанышын жасырмайды:

«Мен Беларуське қайта оралғаныма өте қуаныштымын! Қазір Dears-пен кездесулер өте сирек болғандықтан, олардың әрқайсысы қазына сияқты. Түнгі рейске қарамастан, Dears-ті көргеннен кейін мен қайтадан қуаттандым. Қазір фестивальдің басталуын асыға күтудемін. Барлығы жақсы әсер алады деп және бұл «Славян базары» әркімнің жүрегінде ұзақ уақыт қалады деген үміттемін!», — деді Димаш.

 

Жанкүйерлердің әншіге берген мүсіншесі жағымды тосынсый болды. Әр түрлі жағында «Dimash», «Dears» және «We’re one» сөздері жазылған.

Ертең, 15 шілде күні Витебскіде Димаштың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді, ал сол күні сағат 20:30-да «Витебскідегі Славян базары» XXX халықаралық өнер фестивалінің салтанатты ашылуы басталады.