Семейде биіктен құлаған мұғалімнің ісі бойынша тың мәліметтер шықты

Семейде шыршаны безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім Қуат Айтқалидың ісі бойынша тексеру аяқталды, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.

Еңбек инспекциясының мәліметінше, жұмыс берушінің кінәсі 100% дәлелденді.

Енді жұмыс беруші зардап шеккен мұғалімге ем алып жатқан кездегі жалақысын толық көлемде төлеуге міндеттеледі. Сонымен қатар ақылы түрде жүргізілген емнің барлық шығындарын өтейді.

Іс материалдары полицияға жіберілді. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

Еске салайық, жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша безендіруге заңсыз тартылған мұғалімдердің бірі биіктен құлап, зардап шеккен еді. Ал мұғалімнің әйелі күйеуінің мүддесін қорғап, жұмысқа заңсыз шақырылғанын, жұмысы үшін ешқандай ақы алмағананын айтқан еді.