Алматы әуежайы мен «Қазақстан волейбол федерациясы» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Бүгін Халықаралық Алматы әуежайы мен «Қазақстан волейбол федерациясы» қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.
Құжатқа әуежай президенті Гокер Көсе мен федерация президенті Мәди Тоқешұлы Такиев қол қойды.
Ынтымақтастық Қазақстанда волейболды қолдау мен дамытуға, жастар арасында спортты танымал етуге бағытталған. TAV Airports Holding компаниясы елдегі қоғам мен спорттың дамуына ықпал ететін бастамаларды белсенді қолдайды.
Меморандумға қол қою Қазақстанның спорт қауымдастығы мен бизнес арасындағы әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.