Тұрсынбек Қабатов Мажағұловты қолдап жазған посын өшіріп тастады (ВИДЕО)

Осы аптада Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Болат Мажағұловты 8 жыл 6 айға соттады. Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы субұрқақ құрылысынан қаржы жымқырғаны үшін айыпты болып отыр. Ал екінші айыпталушы яғни құрылыс компаниясының басшысы Мәди Қанапин 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Болат Мажағұлов көпшілікке белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың «Көңілді тапқырлар алаңы» арқылы таныс. Жалпы аталған азамат Мейрамбек Бесбаев секілді елге белгілі азаматтармен тығыз байланыста болды. Бірақ Мейрамбек Бесбаев пен Тұрсынбек Қабатов күдікке ілінген досына байланысты дер кезінде қолдау білдірген жоқ. Тек қаңтардың 20 күні әйгілі әнші мен белгілі әзілкеш әу деп пікір білдірген болды. Біздің ойымызша, Болат Мажағұловтың туған-туыстары аталған азаматтарға «Қолдап пост жазыңдаршы» деп өтінген тәрізді.

Әйтеуір арада 6 айға жуықтағанда Мейрамбек Беспаев инстраграм әлеуметтік желісінде

«Жаласына жалғанның күйе бердім,

Талқысына басымды ие бердім.

Бақытын да, қуаныш, қайғысын да,

Сүйе бергім келеді, сүйе бергім…» дей келе: «Болат бауырымның басына бұлт үйірілгелі біраз болды. Кімнің жолын кесіп, кімнің алдынан көлденең өттің екен? Жібі түзу дәлелі болмаса да сені әлі сүйреп жүр. Мен білікті басшы, өз ісінің маманы кім десе, сені көрсететін едім. Себебі, сен өнер мен мәдениеттің қарыштап дамуына қомақты үлес қостың. Жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қыр кешіп жүріп еңбек еттің. Бұл күндер де өтер. Бөке, бір кездері қолтығынан демеп, қасынан табылған өнер адамдары сенімен бірге. Біз бұл істің әділ шешім табатынына сенеміз. Қаратаудай қайғы арқаласа да қайыспайтын ердің ұрпағысың. Мықты бол. Жақсы күнде жадырап отыруды жазсын» деп жазды.

Ал Тұрсынбек Қабатов болса «Ассалаумағалейкум, Қазақ елі!

Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек.

Харекет қылмақ, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек… деп Абай атамыз айтпақшы. Осы арқылы қымбатты досым Болат Мажағұловқа қолдау білдіргім келеді.

Оның есімі өнер адамдарына, әншілер мен ақындарға жақсы таныс. Болаттың мәдениетіміз бен ұлттық бірегейлігіміздің дамуына қосқан шығармашылық және кәсіби үлесі өте жоғары.

Өздеріңізге мәлім, қазір оған айып тағылып, сот отырысы жүріп жатыр» деп жазды.

Бір қызығы әзілкеш «Қымбатты досына» арнаған жүрек жарды посын өшіріп тастапты. Бір кезде өзін қолдаған адамның басына іс түскенде одан теріс айналғаны қалай?

Тұрсынбек Қабатов қазір Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарады. Ол «Қызметіме кедергісі тиер» деп Болат Мажағұловқа байланысты жазбасын өшірген тәрізді. Ал Мейрамбек Бесбаев болса әзілкеш секілді қызметке байланып отырған жоқ. Бірақ оған да «Қайтесің соны. Жазбаңды өшіре сал» деп хабарласуы әбден мүмкін. Бірақ ол Тұрсынбек Қабатовтан қарағанда досқа адал болып шықты.