Бишімбаев Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай лекция өткізді

Қатаң режимдегі колония ережелеріне сәйкес, сотталушы алғаш рет (ынталандыру) ала алу үшін келгеніне кемінде үш ай өтуі керек. Мұндай ынталандырулар сотталушының тәртібі жақсы болғанда, еңбекке немесе оқуға адал көзқарас танытқанда, тәрбие жұмыстарына белсенді қатысқанда және қылмыспен келтірілген залалды өтеуге шара қабылдағанда беріледі.
Колонияда Бишімбаев шахмат турнирін ұйымдастырып, өзі жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай лекция өткізіп, оның Рейхстагқа Жеңіс туын алғаш болып тіккені туралы айтып берген. Алайда осы әрекеттері оған ынталандыру алуына жеткіліксіз болды.
Ratel.kz дереккөзінің хабарлауынша, Бишімбаевтан кейін келген сотталушылардың кейбірі ынталандыру алып үлгерген. Айта кетейік, қатаң режимдегі колонияда ынталандыру алған сотталушы сыйақы, қосымша қысқа мерзімді кездесу, мейрам күндері азық-түлік пен бірінші қажеттілік тауарларын сатып алуға қосымша қаражат жұмсау мүмкіндігі және бұрын салынған тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау секілді жеңілдіктерге ие бола алады.
Шағымданғаннан кейін саксофон бөлмесі «жөндеуге жабылды»
Бишімбаев поощрение берілмегеніне шағымданғаннан кейін, ол репетиция жасайтын бөлме «жөндеуге жабылған». Бұл жөндеу қанша уақытқа созылатыны белгісіз.