Азиада-2025: шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде соңғы матчын өткізді.
Тартысқа толы матчта отандастарымыз 2:1 есебімен басым түсті. Үшінші кезеңнің соңғы минуттарында Роман Старченко жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңнен бірде-бір жеңіліссіз плей-офф кезеңіне шықты.
Сурет: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі