Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Кореядан жеңілді (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен оқу-жаттығу жиынында жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.

Еске салайық, қаңтар айының соңында ұлттық құраманы баптаған Станислав Черчесов отставкаға кетіп, оның орнына уақытша Әли Әлиев тағайындалған болатын. Отандық маман ұлттық құрамада жалқауларға орын болмайтынын, жастарға көбірек мүмкіндік беретінін айтқан еді. Күні кеше Әлиев шәкірттері ташкенттік «Локомотивпен» жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасты.

Наурызда Қазақстан құрамасы алдымен Уэльспен, артынша Лихтенштейнмен кездесу өткізеді. Осы ойындардан кейін бас бапкер мәселесі де шешілмек.