Еліміз бойынша 6 облыстағы 9 жолда қозғалыс шектелді

2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша 6 облыстағы 9 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады бүгін «ҚазАвтоЖол» мекемесінің баспасөз қызметі.
Ақмола облысы:
– «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы – Жақсы ауылы).
Ақтөбе облысы:
– «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-618 шақырым аралығы (БҚО шекарасы – Қобда ауылы);
– «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 618-702 шақырым аралығы (Қобда ауылы-Маржанбұлақ ауылы);
– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қарауылкелді ауылы);
– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 255-337 шақырым аралығы (Қарауылкелді ауылы – Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы:
– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 337-492 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Мақат ауылы);
– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 492-508 шақырым аралығы (Мақат ауылы – Доссор ауылы);
– «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау теңіз порты» 3-120 шақырым аралығы (Доссор ауылы – Құлсары ауылы).
Батыс Қазақстан облысы:
– «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-394 шақырым аралығы (Барбастау ауылы-Жымпиты ауылы).
– «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы).
– «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Орал қаласы -РФ шекарасы);
Жетісу облысы:
– «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы – Достық стансасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
– «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Тахтаброт ауылының бұрылысы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 161 арнайы техника мен 306 маман жұмылдырылды.