Асу Алмабаев тарихи жекпе-жекте жеңіліп қалды

Қазақ файтері Асу Алмабаев (21-2) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 253 турнирінде басты жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жеткен жоқ. Асудың қарсыласы шыққан тегі анголалық Манел Капе үшінші раундта ширақ қимылдап, белсенділік байқатты. Осындай соққы алмасу кезінде Капе қарсыласының көзін шұқып алды. Қазақ спортшысы бірден тайм-аут сұрады, бірақ төреші жекпе-жекті тоқтатпады. Капенің де күткені сол болса керек, шабуылды үдетіп, бірнеше жауапсыз соққы жұмсап үлгерді. Төреші жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут.

Сөйтіп, Асу Алмабаев UFC-де алғаш рет жеңіліп, өзінің 17 жеңістен тұратын сериясын тоқтатты. Жалпы, 31 жастағы қазақстандық спортшы аралас жекпе-жектегі (ММА) мәнсабында 21 мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, үш рет жеңілген.