Ақтөбе облысында ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы мен 12 аудан аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарлы жүргізіліп жатыр, деп  хабарлайды Аlashorda.kz сайты Ақтөбе облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб отырысында өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы мәселе қаралды.

— Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы мен 12 аудан аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарлы жүргізілуде. Дайындық аясында қорғаныс бөгеттері салынып, арықтар мен каналдарды, су өткізу құбырларын тазарту жалғасып жатыр. Құм толтырылған қаптар дайындалып, өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде. Өңірімізде мұндай 22 орын бар, — делінген хабарламада.

Облыстық ТЖД бастығы Кахарман Оразалиннің айтуынша, ТЖД қызметкерлері 59 бау-бақша ұжымын (1 854 үй) аралап, тұрғындарға қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету туралы жадынамалар мен буклеттер таратты.

Асхат Шахаров су басу қаупін азайту үшін көшелерді және аула аумақтарын қардан тазартуды, жаңбыр суын сору жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне мониторингті күшейту және алдын алу шараларын уақытылы жүргізу міндеттелді.