Жетісуда жыл басынан бері 672 волонтерлік акциясы ұйымдастырылды

Оның ішінде әлеуметтік акция – 267, экологиялық акция – 234, жануарларға көрсетілген көмек және қорғауға бағытталған акция – 80, Ұлы Отан  соғысының ардагерлеріне, тыл және еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты қарияларға көмек көрстеу бойынша – 77 акция, ескерткіштерді тазалау, тарихи объектілерді сақтау бойынша жыл басынан –  14 акция өтті, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.

100-ден астам көп балалы, аз қамтылған отбасыларға және жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді. Қазіргі таңда өңірімізде бірқатар ірі волонтерлікұйымдар қарқынды жұмыс атқаруда. Мәселен, Динара Бакирова жетекшілік ететін «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» мен «Kaz.Eco.Patrul» еріктілер қозғалысы инклюзивті білім берумен, церебралды сал ауруы диагнозыменкүресіп жатқан, аутизм, даун дертіне шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарын тегін оқыту,шығармашылық дағдыларын дамыту, қол өнерді дәріптеумен айналысса, «Дармарка» әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына тегін киім-кешек тарату сынды салмақты жүкті арқалап келеді. Сонымен қатар, республикалық «Вандализмге жол жоқ» эко-акциясы аясында тарихи, мәдени орындарды қорғау мақсатында Талдықорған қаласының «Қызыл тас» саяжайының аумағындағы Тасбақа тасының маңындағы қоқыстарды жинап, табиғат ескерткішіне тұрғындардың жазып-сызып тастағандарын тазартты.

Вероника Гузенко жетекшілік ететін «ZOOклуб» еріктілері профилактикалық және ағарту жұмыстарын жүргізіп, жануарларға жауапкершілікпен және мейірімділікпен қарауды, оларға қатыгездік көрсетуден аулақ болуды үйретеді, панасыз жануарлар үшін баспаналар мен орталықтар ашуда.

2025 жылы 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай еліміздің бірқатар өңірлерінде «Жаңашыржүрек»  республикалық қайырымдылық акциясында іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың ішінде  «Мейірімді Жетісу» волонтерлер фронт-офисі және «Дәулеттен қайырымдылық қоры» бірлесіп облысымыздың аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік қораптарын тарату жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында әрбір отбасыға негізгі азық-түлік өнімдерінен тұратын қораптар берілді. Қайырымдылық акциясына «Мейірімді Жетісу» волонтерлер фронт-офисі және «Дәулеттен қайырымдылық қоры» белсене атсалысты. Бұл бастама әлеуметтік теңсіздікті азайтуға, аз қамтылған отбасылардың тұрмысын жақсартуға және олардың әлеуметтік қолдау көрсету мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

Бұл маңызды іс-шара адамдардың бір-біріне көмек көрсету, қоғамдағы мейірімділік пен ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар мұндай шараларды тұрақты түрде өткізіп, әрдайым көмекті қажет ететін отбасыларға қолдау көрсетуді көздеп отыр.