Президент Қазақстан мен Қатар арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Президент Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Айта кетелік Қазақстан мен Қатар арасында жасырынып жүрген адамдарды ұстап беру тәртібі айқындалған еді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.