Азамат Қасымов – Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы лауазымына Азамат Қасымов тағайындалды.
Азамат Әбілұлы Қасымов 1985 жылы 8 тамызда Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған.
2009-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды. 2017-2020 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, 2020-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Алтай» телеарнасы қазақ редакциясының шеф-редакторы, республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, «Хабар» агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2022-2024 жылдары «Хабар» агенттігінің Абай облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.
2024 жылдың мамыр айынан Абай облысы әкімінің кеңесшісі болды.