Қазығұртта бірнеше тойхана иесі карантин режимін бұзған 

Тәртіп сақшыларының күнделікті жүргізген іс-шараларының нәтижесінде Қазығұрт ауданында карантин талаптарын сақтамай, қағидалардың бұзылуына жол берген бірнеше тойхана иесі анықталды.

Атап айтқанда, Қазығұрт ауданындағы елді мекеннің бірінде орналасқан тойханада 150-ден астам тұрғын жиналып, «Үйлену той» өткізіп жатқандығы анықталды. Сонымен қатар тағы бір тойханада 50-ден астам адам бас қосып, «Беташар» өткізген.

Аталған той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды.