ALASHORDA Мәзір
Жаңалықтар

Мереке күндері ел бойынша 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет етеді

Мереке күндері ел бойынша 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет етеді

Мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

Наурыз мейрамында мерекелік концерттер және бұқаралық іс-шаралар көптеп өтеді.

Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

— Патрульдеу күшейтіліп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізіліп отыр. Тәртіп сақшыларының арқасында қазақстандық азаматтар мерекелік атмосфераны алаңсыз сезіне алады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар,  21-22 наурыз күндері елорданың 6 ауданының аумағында 30-дан астам орында қазақша күрес, қой көтеру, арқан тарту, асық ату, қол күрес, гир көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.