Мемлекет басшысы Кирсти Ковентриді ХОК президенті болып сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кирсти Ковентриге Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Зимбабве өкілінің спорттағы айтулы жетістіктерін және мемлекеттік қызметтегі бай тәжірибесін атап өтіп, оның халықаралық олимпиада қозғалысын дамытудағы қызметіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиадалық комитетінің оныншы президенті болып сайланды.
Дауыс беру Грекияның Коста-Наварино қаласындағы ХОК-нің 144-ші сессиясында өтті.